1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты іс-шарасы » № 13 орта мектеп жанындағы интернатымен
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"№ 13 орта мектеп жанындағы интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты іс-шарасы
01
сентябрь
2022

1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты іс-шарасы

Балалар жылы аясында мектебімізде 2022 жылдың қыркүйек айының 1 жұлдызында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты іс - шарасы дәстүрлі форматта өткізілді. Іс-шара мектеп ауласында салтанатты түрде ұйымдастырылды. 1-11 сынып оқушылары үшін салтанатты жиын өткізудің барлық талаптарын сақтай отырып, мектеп қабырғасында арнайы бекітілген кесте бойынша оқу кабинеттеріне кіргізіліп, бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін насихаттау
Міндеттері:
− білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
− білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
− отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
− сыныптың жағымды ахуал және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Мерекелік шарада Қаратал ауданының әкімі Исабеков Ерлан Шойұлы, мектеп директоры Ш.Ж Шарипбаева мектеп ұстаздарын, бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын айтулы мерекемен құттықтап,тілектерін білдірді. Өз кезегінде мектеп директоры Ш.Ж. Шарипбаева мектепке алғаш қадам басқан бүлдіршіндерді құттықтап, жаңа оқу жылына шабыт және табандылық тіледі. Ағымдағы оқу жылы оқушылар үшін жетістік пен табыстарға толы болсын деген өзінің ыстық ықыласын жеткізді. Сонымен қатар оқу жылында ұстаздар қауымына жаңа жетістіктер мен жаңашыл бастамалар, шығармашылық жаңа серпіліс, мықты денсаулық және сәттілік тіледі.
1-сынып оқушыларының арнайы дайындаған лебіздері тыңдалды.
Ата-аналар атынан Сагади Жунисбек Дайырұлы білім күнімен құттықтап, бүлдіршіндерге білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отансүйгіштік рухтарының мықты болуын тіледі.
Мерекелік шараны қорытындылау барысында алғашқы қоңырау соғу салтанаты ұйымдастырылып, 1-ші сынып оқушылары мектебіміздің жаңа түлектерімен бірге алғашқы қоңырауды сыңғырлата соғып, білім сабағына шақырылды. Іс-шара жалғасы республикалық онлайн-акциямен жалғасты. Аталған акцияға мектеп оқушылары белсенді қатысты. Атап өтсек: 1 сынып оқушылары «Менің мектептегі бірінші күнім», 2-4 сынып оқушылар «Менің жарқын жазғы демалысым», 5-8 сынып оқушылары «Менің саяхатым» тақырыптарында бейнероликтер дайындап әлеуметтік желілерге жүктелді.

1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты іс-шарасы


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив