№13 орта мектебі жанындағы интернатымен 2022-2023 оқу жылының 07.11-18.11 қараша аралығындағы өткен «Тіл тұғыры- ұлт ғұмыры» » № 13 орта мектеп жанындағы интернатымен
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"№ 13 орта мектеп жанындағы интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №13 орта мектебі жанындағы интернатымен 2022-2023 оқу жылының 07.11-18.11 қараша аралығындағы өткен «Тіл тұғыры- ұлт ғұмыры»
11
февраль
2023

№13 орта мектебі жанындағы интернатымен 2022-2023 оқу жылының 07.11-18.11 қараша аралығындағы өткен «Тіл тұғыры- ұлт ғұмыры»

№13 орта мектебі жанындағы интернатымен 2022-2023 оқу жылының
07.11-18.11 қараша аралығындағы өткен «Тіл тұғыры- ұлт ғұмыры»
атты апталықтың өтілуі жайлы
АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері күніне орай МАББ келген бұйрыққа сүйене отырып онкүндікке арналған жоспар құрылды. Апталыққа 07.11-18.11 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл тұғыры- ұлт ғұмыры» атты онкүндік өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Малибекова А.Б тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу – жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Шараны тіл мамандары дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.
Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Дюсембинова С.А «Еңілік- Кебек» атты ашық сабағын берді. Бекпосынова Г.К ұйымдастыруымен «Абай дана- Абай дара қазақта» атты іс-шараға 5-7 сынып оқушылары арасында сайыс өткізіліп, жеңімпаз топ мақтау қағазымен марапатталды.
Апталық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі 08 қараша күні Ш.Ғ.Есенжолова 8 «Ә» сыныбында Мұрат Мөңкеұлы « Сарыарқа» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім өзін құзырлы да, білікті маман ретінде көрсетті. Сабақтың барысы жүйелі әрі әдістемелік жағынан ұтымды өтті. Оқушылар сабақта өздерінің пәннен білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Малибекова А.Б 14 қарашада 8«Б» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы «Мамандық» Сабақта түрлі көрнекіліктерді пайдаланды. Сабақты жақсы жоспарлаған. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы. Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланды. «Өрмекшінің торы» әдісін жақсы ұйымдастырды. Оқушылар осы ойынға белсенді қатысты. Сабақта біршама кемшіліктер орын алды. Мұғалім уақытты тиімді пайдалана алмады. Мектеп әкімшілігі тарапынан сын-ескертпелер айтылды.
10 қараша Дюсембинова С.А 8 «Ә» сыныбында тақырыбында Ш.Құдайбердіұлы «Еңілік- Кебек» ашық сабақ өтті. Сабақ талапқа сай жоспарланған. Сабақта мұғалім бейнепроектр, үлестірмелі материалдар пайдаланды. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында оқушылармен кері байланыс жасады. Сабақ өз дәрежесінде өтілді.
11 қараша күні Г.К.Бекпосынова 7 «Б» сыныбында «Достық – өмірілік нұсқа» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз дәрежесінде өтілді. Сабақты мұғалім жаңартылған білім мазмұныны бағдарламасының модульдерін тиімі пайдаланды. Топтық, жұптық жұмыстар жасалынып, сабаққа жаңаша үлгідегі көрнекіліктерді тиімді пайдаланды. Сонымен қатар сабақта қамтылмай қалған оқушылар болды. Сол оқушыларға жекелеп тапсырмалар беру керек еді.
5-10 сыныптар арасында “Тіл тұғыры- ұлт ғұмыры» тақырыбында эссе байқауы болып өтті. Мұғалім эссе талаптарын қысқаша түсіндіріп өтті хикая картасы, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, жас ерекшелігіне байланысты оқыту модульдерін тиімділігін айтты.Рольдік ойындар ұйымдастырылды. Жалпы іс- шара өз дәрежесінде өтілді.
Қазақ тілі пәні мұғалімі Малибекова А.Б. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты 5-7-сыныптар арасында сыныптан тыс танымдық сайыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, өнерді кеңінен паш етіп, көрермендерді оқушылар өз өнерлерімен тәнті етті. Айта кетсек оқушылар қазақтың салт-дәстүрінен көріністер көрсетіп, мың бұрала билер биледі. Қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жылдығына орай «Тілді сүю- тал бесіктен» атты тілдер апталығының әдеби-танымдық қорытынды кеші өтті. Мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Г.К.Сембаева құттықтау сөзінде Президентіміздің данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан сыныптарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді. Мұғалімдер барлық іс-шараға белсене қатысты. Сонымен бірге біршама кемшіліктер де орын алды. Апталық барысында белсене қатысқан мұғалімдерге, Тіл мамандарына марапаттауға ұсыныс берілді. Тіл апталығының қорытындысы








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив