МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » № 13 орта мектеп жанындағы интернатымен
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"№ 13 орта мектеп жанындағы интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
07
октябрь
2022

МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы саналатын туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесінің рөлі басым екені белгілі. Бала қауіпсіздігінің алдын - алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігін арттыру мақсатында 7 қазан күні №13 орта мектебі жанындағы интернатымен КММ-де мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында төмендегідей мәселелер қаралды:
🌀Бала қауіпсіздігі тақырыбында түсіндірме жүргізу
🌀 Бала қауіпсіздігі тақырыбындағы видеороликтер
🌀 Ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі
🌀”Баланы қалай тәрбиелеу керек?” психологиялық кеңес

🔲Күн тәртібіндегі 1 — мәселе бойынша мектеп директоры Ш.Ж.Шарипбаева сөз алды. Ата-ана, бала қауіпсіздігі туралы жан-жақты түсініктеме берілді.
🔲 Қазіргі таңда елімізде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда, сол себепті бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаған жөн. Балалардың қатысуымен көптеген қайғылы жағдайлар орын алуына байланысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.А.Оражанова мен Г.К.Сембекова “Бала қауіпсіздігі” тақырыбындағы видеороликтер көрсетті.
🔲 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қаратал ауданы ТЖБ аға инженері Р.Қалиғазы ата-аналарға бала жауапкершілігіне қатысты толыққанды ақпарат берді.
🔲 Қаратал аудандық ауруханасының психологтары М.Сулейменова мен Р.Кашкынбаева жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🔲 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп педагог- психологы Р.А.Кусаинова баланың бақытты да толыққанды өсіп-жетілуіне жағдай жасау қажеттігін түсіндірді.

Бала – біздің баянды болашағымыз екендігін естен шығармайық!
МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив