«АИТВ-жұқпасы мен ЖҚТБ берілу жолдары және алдын алу шараларын» өткізу барысы » № 13 орта мектеп жанындағы интернатымен
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"№ 13 орта мектеп жанындағы интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АИТВ-жұқпасы мен ЖҚТБ берілу жолдары және алдын алу шараларын» өткізу барысы
01
декабрь
2022

«АИТВ-жұқпасы мен ЖҚТБ берілу жолдары және алдын алу шараларын» өткізу барысы

2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарына сәйкес қараша айына «АИТВ/ЖҚТБ-қа қарсы күрес» атты жоспар құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.
2022 жылдың 21 қараша күні «Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күн» тақырыбында сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізді.
Мақсаты: оқушыларға ЖИТС-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әрекеттен барынша аулақ болуға шақыру. Сынып сағатында ЖҚТБ-ның зардаптары туралы айтылып, осы тақырыпта көптеген бейнероликтер көрсетілді.
23 қараша күні - мектебімізде салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында 5-10 сынып оқушылары арасында "Сіз есірткі туралы не білесіз?" тақырыбында плакаттар сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа оқушылар белсенділікпен қатысып, арнайы комиссия мүшелері қорытындысын шығарды. Жеңімпаздар дипломмен марапатталды.
«АИТВ/ ЖҚТБ дегеніміз не? 1 - желтоқсан дүниежүзілік АИТВ-қа қарсы күрес күні» аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында спорттық жарыс өткізілді.
9-11 сынып оқушыларымен мектеп медбикесі Н.Тленова "АИТВ / ЖИТС-мы қауіпті ауру" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар АИТВ-жұқпасы мен ЖҚТБ-ның берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы ойларын талқыға салды. Сонымен қатар медбике тарапынан көп мағлұматтар айтылып, дөңгелек үстел соңында оқушылар «ЖҚТБ-ға жол жоқ!» деген ұранмен аяқтады.
«АИТВ-жұқпасы мен ЖҚТБ берілу жолдары және алдын алу шараларын»  өткізу барысы



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив