08
сентябрь
2021
Мектепішілік жалпы ата-аналар комитетімен жиналыс




Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы #13 орта мектебінің мектеп директоры Ш.Ж. Шарипбаева және мектеп әкімшілігі 8 - қыркүйек күні мектепішілік жалпы ата-аналар комитетімен онлайн жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында өткен оқу жылына талдау жасалып, жаңа оқу жылының міндеттері таныстырылды. Мектепішілік жалпы ата-ана комитеті ретінде бір ауыздан Мустафаева Л.К. сайланды. Жиналысқа қатысушылар мектеп әкімшілігінен барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алып, кездесу нәтижелі өтті.