ТІЛ ДЕГЕН АЛЫП МҰХИТ, ТҮБІ ТЕРЕҢ » № 13 орта мектеп жанындағы интернатымен
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"№ 13 орта мектеп жанындағы интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТІЛ ДЕГЕН АЛЫП МҰХИТ, ТҮБІ ТЕРЕҢ
05
сентябрь
2022

ТІЛ ДЕГЕН АЛЫП МҰХИТ, ТҮБІ ТЕРЕҢ

№13 орта мектебі жанындағы интернатымен 2022-2023 оқу жылы бойынша Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жылдық жоспар жасалып, бекітілген. Мектеп бойынша тілді енгізу міндеттерін айқындайтын арнайы бұйрық шығарылған. Мектеп бойынша директордың жанындағы мәжілісте, педагогикалық кеңесте, іс-қағаздары мен іс-номенклатурасын жүргізуде мемлекеттік тілді камтамасыз ету мәселелері қаралған. Қазақ тілінің сауатты жүргізілуін қадағалау мақсатында уақытымен оқушылардың дәптерлерін тексеру жұмыстары, оқушылардың оқу жылдамдығын тексеру мақсатында тапсырма пән мұғалімдеріне жүктелді. Тіл мамандары мемлекеттік бағдарлама бойынша сабақтарын жүргізіп, бағдарламаны орындады. Іс-қағаздарының (хаттама, бұйрық, өтініш, т.б.) қазақ тілінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар, қабырға стендтері, кітапхана бұрышы бар.
5-қыркүйек «Ахмет Байтұрсынұлы және Тіл деген алып мұхит, түбі терең» атты «Тілдер күні» мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай тіл апталығы ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты: А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай оқушыларды ақын шығармашылықтарымен таныстыру және мемлекеттік тіліміздің дамуына, оқушылардың сөз қолданудағы рухани байлығын, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлауын қалыптастыру; тапқырлық, шешендік, ойшылдық, адамгершілік сияқты халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіру. «Тіл деген алып мұхит, түбі терең» атты сынып сағаты 1-11 сынып оқушыларымен өткізілді.
Балалар жылы аясында мектебімізде Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Сембекова және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мектеп оқушыларымен тілдер апталығының ашылу салтанатын мектеп алаңында ұйымдастырды. Іс-шара барысында мектеп оқушыларының өлең шумақтары мен А.Байтұрсыновтың тағылымы жайында айтылды. 10 сынып оқушыларының орындауында "РУХ ПЕН ТІЛ" әні орындалды. Апталықтың ашылу салтанатында іс-шара жоспарымен, мақсатымен таныстырылып өтілді.
6 – қыркүйек мектеп кітапханашыларымен «Ана тілі – ұлт байлығы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толу мерей тойына арналған әдеби кеш өтті.
7 – қыркүйек «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа - жүрегі бір» тақырыбында Тілдер мерекесіне арналған үш тілде оқушылардың құттықтау тілектері жолданып, әлеуметтік желілерге жүктелді.
8 – қыркүйек қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.А.Дюсембинова, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.М.Ахмет, ағылшын тілі пәні мұғалімі Т.С.Жанысовтың ұйымдастыруымен «Менің ана тілім» тақырыбында үш тілде эссе байқауы өткізілді. Тілдің мерейін, мәртебесін асырып, қадір-қасиетін танытуда, тынысын кеңейтіп, қолданылу аясын, өрісін ұлғайтуда, шын мәнісіндегі мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілуіне әр кезеңнің, әр буын өкілдерінің атқарар міндет-парызы жалғасын таба берері сөзсіз. Осы орайда мектеп оқушылары «Тілдер» апталығы аясында «Менің ана тілім» атты эссе жазу сайысында бақтарын сынап, толғауы тоқсан қызыл тілдің шынайы болмысын, қоғам, адам өміріндегі өлшеусіз орнын, ең құнды, ең қымбат қазына екенін қал-қадерінше танытып, ана тілінің мерейін асқақтатуға өз үлестерін қосты.
9 – қыркүйек «Қазақстан – 100 тілдің ғаламшары» тақырыбына Тілдер мерекесіне арналған қабырға газеттері шығарылды. Ең үздік және тақырыпқа сай деп танылған суреттер бағаланды. 



ТІЛ ДЕГЕН АЛЫП МҰХИТ, ТҮБІ ТЕРЕҢ




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив